Өскемен
малооблачно
+23°
  • Өскемен
    +23°
  • Алматы
    +24°
  • Астана
    +21°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +24°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +23°
  • Көкшетау
    +21°
  • Қостанай
    +22°
  • Қызылорда
    +30°
  • Павлодар
    +27°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +30°
  • Туркестан
    +18°
  • Шымкент
    +31°
$
521.57
+2.02
601.01
+4.98
¥
72.64
+0.35
6.65
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Зайсандағы әуежай құрылысы биыл аяқталмауы мүмкін

Бүгінгі таңда жаңа әуежай құрылысының 40%-ы аяқталды

Усть-Каменогорск и ВКО / Зайсан (Зайсанский р-он) / Зайсандағы әуежай құрылысы биыл аяқталмауы мүмкін
Фото:
ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Жұмыстарды биыл қазанда аяқтау жоспарланған, алайда келер жылдың ортасына дейін созылатын сыңайлы, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Бұл туралы Зайсан ауданының әкімі Аэлита Ахметсәлімқызы айтты.

Жаңа әуежай Зайсан қаласынан шамамен 25 шақырым жерде орналасқан Сәтбай ауылының маңындағы бұрынғы әскери әуе айлағының базасында салынып жатыр,

Әуежайдың 40 пайыз жұмысы бітті деуге болады. 258 техника жұмыс істеп тұр. Жұмысшылар саны 300-ден асады. Ұшу-қону жолағының 2,6 километрі жөнделді. 15 шілдеден бастап асфальт төсеуді бастайды, – деді Аэлита Ахметсәлімқызы. – Негізі құрылыс жұмыстары биыл 25 қазанда бітеді деп жоспарланған. Алайда жобалық компанияның бір сұрақтары шешілмей жатқандықтан ендігі жылдың бесінші айына дейін бітіреді деген ойдамыз.

Следующая →