Зайсан көлінде заңсыз балық аулап жүргендер қолға түсті
Браконьерлер жалпы көлемі 200 келіден асатын балық ауланып, 1 млн теңгеден астам залал келтірген

ШҚО ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы облыстық прокуратурамен бірлесіп, Зайсан көлінің жағалауында рейд жүргізді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Көл жағасындағы тыйым салынған аумақтарда ау құралдарын және жүзу құралдарын пайдалана отырып, заңсыз балық аулаумен айналысқан азаматтардың үш тобы ұсталды.
Тарбағатай ауданына қарасты Қарақой ауылының маңында заңсыз балық аулаған адамдар қолға түсті. Олар көксерке, шортан және табан сынды балық түрлері аулап, жалпы салмағы шамамен 130 килограмды құраған. Сонымен қатар, моторлы қайықтар мен балық аулау торлары тәркіленді. Келтірілген материалдық шығын 700 мың теңгеден асады, - деп мәлімдеді ШҚО ПД. - Сондай-ақ Марқакөл ауданының Шеңгелді ауылы маңында браконьерлікпен айналысқан тағы екі топ ұсталды. Олардың бірінен көп мөлшерде балық аулау торлары, моторлы қайық және мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ автокөлік тәркіленді. Заңсыз ауланған көксерке, язь және шортан сынды балықтардың жалпы салмағы 117 килограмнан асты. Келтірілген шығын көлемі 780 мың теңгеден жоғары. Екінші топтан да жүзу құралы, балық аулау жабдықтары және көлік құралы тәркіленді. Ауланған балықтың жалпы салмағы 50 килограмнан асты. Материалдық залал 322 мың теңгеден астам сома.
Заңбұзушыларға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.