Өскемен
малооблачно
+23°
  • Өскемен
    +23°
  • Алматы
    +24°
  • Астана
    +21°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +24°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +23°
  • Көкшетау
    +21°
  • Қостанай
    +22°
  • Қызылорда
    +30°
  • Павлодар
    +27°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +30°
  • Туркестан
    +18°
  • Шымкент
    +31°
$
521.57
+2.02
601.01
+4.98
¥
72.64
+0.35
6.65
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ҚХР азаматы ШҚО-да шекарадан декларациясыз көп сомада ақша өткізбек болған

Қазақстаннан Қытайға бет алған шетел азаматынан АҚШ долларымен 20 000 баламалы сома, 8 000 еуро, 9 250 рубль анықталды

Усть-Каменогорск и ВКО / Зайсан (Зайсанский р-он) / ҚХР азаматы ШҚО-да шекарадан декларациясыз көп сомада ақша өткізбек болған
Фото:
vko.kgd.gov.kz

Оған 2,5 млн теңге айыппұл салынып, мемлекет пайдасына 19 174,15 АҚШ доллары тәркіленді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО мемлекеттік кірістер департаменті ақпаратына сүйеніп.

Мамыр айында Зайсан ауданындағы "Майқапшағай" кеден бекетінде шетел валютасын кедендік декларациялаусыз алып шығу фактісі анықталды, - делінген хабарламада. - Кедендік шекараны кесіп өту кезінде Қазақстан Республикасынан Қытай Халық Республикасына бет алған ҚХР азаматының шетел валютасындағы жарияланбаған ақша қаражаттары анықталды. Атап айтқанда: АҚШ долларымен 20 000 баламалы сома, 8 000 еуро, 9 250 рубль. ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес, егер жалпы сомасы 10 000 АҚШ долларына баламалы мөлшерден аспаса (декларация тапсырылған күнгі бағам бойынша), жеке тұлғалар шетел валютасын кедендік декларациясыз алып шыға алады. Бұл жағдайда көрсетілген сома белгіленген шектен асқан, сондықтан құқық бұзушылық тіркелді.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 551-бабы 3-бөлігіне сәйкес, кеден заңнамасының талаптарын сақтамағаны үшін кедендік декларацияланбаған немесе дұрыс көрсетілмеген ақша қаражаттары мен ақша құралдарының 25%-ы көлемінде айыппұл салынып, олар мемлекет пайдасына тәркіленеді. ҚХР азаматына қатысты 2 466 274 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды және мемлекет пайдасына 19 174,15 АҚШ доллары тәркіленді.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қорғау және қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында, ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес, ел аумағынан келесі заттарды алып шығуға тыйым салынған:

  • ҚР Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша шығару күніне есептелетін, эквиваленті 10 000 (он мың) АҚШ долларынан асатын шетел валютасындағы қолма-қол ақша және (немесе) ақша құралдары;
  • ҚР Ұлттық Банкі шығаратын 5, 10, 20, 50 және 100 грамм аффинирленген алтын құймалары, сондай-ақ 100 грамнан асатын аффинирленген алтын.
Следующая →