Түзету мекемесіне шай қорабына телефон тығып әкелген
Өскемен қаласындағы №17 түзеу мекемесіне ұялы телефонды алып өтпек болған ер азамат ұсталды

Жазасын өтеушілердің бірінің танысы айлаға басып, шай қорабының ішіне смартфон мен SIM-карта жасырып кіргізбек болған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Ұлттық ұланның сәлем-сауқат бөлмесінің бақылаушы қызметкері мен түзеу мекемесінің мамандарының қырағылығының арқасында ер азаматтың жымысқы әрекеті жүзеге асқан жоқ.
Бір қарағанда сырты жабық шай қорабы. Алайда қолыма ұстап көргенде қораптың ауырлау екенін аңғардым, артынша тінту барысында шай ішінен тыйым салынған заттар табылды, - дейді №6699 әскери бөлімінің бақылаушылар қызметі.
Түрмеге тыйым салынған зат әкелген адамға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 481-бабының 1-бөлігі бойынша құжаттар жиналып, сотқа жолданды.
Еске салайық, аталмыш түзеу мекемесіне байланыс құралын өткізу әрекеті ағымдағы жылдың алғашқы фактісі болып тіркеліп отыр.