Ұлан ауданында мыңнан астам көшет отырғызылды
Қасым Қайсенов кентінде аумақтарды абаттандыру мен көгалдандыруға бағытталған республикалық "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы басталды

Ауыл маңы мен Сібе көлінің жағалауы қоқыстан тазартылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Сондай-ақ, Қасым Қайсенов кентінде 1000-нан астам көшет отырғызылды. Бозанбай ауылдық округіндегі Сібе көлдерінің жағалауы тазартылып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.
Акцияға студенттер, оқушылар, еріктілер, жастар мен экологиялық ұйымдардың мүшелері - барлығы 130-ға жуық адам қатысты. Әсіресе Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ-дың студенттері белсенділік танытты.