Өскемен
облачно
+15°
  • Өскемен
    +15°
  • Алматы
    +22°
  • Астана
    +22°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +21°
  • Көкшетау
    +22°
  • Қостанай
    +17°
  • Қызылорда
    +30°
  • Павлодар
    +19°
  • Петропавловск
    +20°
  • Тараз
    +25°
  • Туркестан
    +18°
  • Шымкент
    +28°
$
514.5
-4.03
582.67
-5.50
¥
71.29
-0.03
6.35
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО студенттері Қазақстанның үздік жастарының қатарында

"Қазақстан колледждерінің ТОП 100 студенті" республикалық байқауында шығысқазақстандық студенттер өздерінің бәсекеге қабілеттілігін, кәсіби даярлығы мен көшбасшылық қасиеттерін дәлелдеді

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО студенттері Қазақстанның үздік жастарының қатарында
Фото:
ШҚО білім басқармасынан

Жұмысшы мамандықтары жылы аясында "Қазақстан Республикасының колледждерінің үздік 100 студенті" республикалық байқауы өтті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастырған байқау республиканың түпкір-түпкіріндегі колледждердің ең үздік, ең талантты, ең дарынды студенттерінің басын қосты. Марапаттау рәсімінде шығыстың бес студенті үздік студенттердің қатарынан табылды.

Еліміздің болашағы – интеллектуалды, білімді, заманауи жастардың қолында. Сіздердің сапалы білім алып, халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті маман ретінде қалыптасуларыңыз – мемлекет назарындағы басты мәселе. Бүгінде техникалық мамандықтарға бөлінетін мемлекеттік тапсырыс жыл сайын ұлғайып келеді, студенттердің шәкіртақысы екі есеге артты. Сонымен қатар, білім алушыларға өз кәсібін бастауға, халықаралық сертификаттаудан өтуге барлық мүмкіндік қарастырылған. Жастарға бағытталған ірі жобалар мен бағдарламалар – еліміздің жарқын болашағына жасалған инвестиция. Кәсіпті игерген адам – бақытын табады. Сондықтан бұл жыл сіздер үшін үлкен мүмкіндіктер жылы, – деді Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев салтанатты марапаттау барысында.

Экономиканың түрлі салалары үшін білікті мамандардың кадрлық резервін қалыптастыру мақсатында алғаш рет ұйымдастырылған бұл байқауға еліміздегі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан 2 мыңнан астам дарынды әрі кәсіби білікті студент қатысты. Өңірлерде өткен іріктеу кезеңдерінің нәтижесінде 200 үздік студент республикалық кезеңге жолдама алып, олардың арасынан 100 үздік жас марапатқа ие болды.

­"ТОП 100 студент" байқауы техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) жүйесінің озат студенттерін анықтап, қолдауды, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруды және кәсіби шеберлікті дамытуға ынталандыруды мақсат етеді. 2025 жылғы байқау үш кезеңнен тұрды: колледж ішілік, өңірлік және республикалық. Шығыс Қазақстан облысында өңірлік кезең 24 ақпан мен 18 наурыз аралығында өтіп, 19 колледжден 23 студент өтінім берді. Қатысушылар мотивациялық хат, бейнеролик және өңірдің/елдің дамуына бағытталған мамандық бойынша жоба ұсынды, – деді ШҚО білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Гүлмира Искакова. 

Нәтижесінде республикалық кезеңге 10 студенттің жұмысы жолданып, солардың ішінен 5 студент Қазақстанның ТОП 100 үздік колледж студенттері қатарынан орын алды. Олар: Өскемен жоғары политехникалық колледжінің студенті Ғали Мадияр Ғалиұлы, Риддер колледжінің студенті Ушакова Ольга Владимировна, Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің студенті Ұланқадырова Аружан Алмазқызы, Нұрым Қайырлықызы, Алтай жоғары колледжінің студенті Зайков Сергей Максимович.

Бұл студенттер – өз замандастарына үлгі. Олар тек колледждерінің ғана емес, бүкіл өңіріміздің абыройын асқақтатты. ШҚО-ның жас мамандарының осындай биіктерден көрінуі – аймағымыздың білім беру сапасының, кәсіби даярлық деңгейінің және болашаққа деген зор сенімінің айқын көрінісі.

Байқау жеңімпаздары "Қазақстан Республикасының колледждерінің үздік 100 студенті" деректер базасына енгізіліп, жұмысқа орналасу үшін арнайы сертификаттармен марапатталды. Сонымен қатар, олардың үздік жобаларын жүзеге асыруға қолдау көрсетілетін болады.

Следующая →