Өскемен
малооблачно
+23°
  • Өскемен
    +23°
  • Алматы
    +24°
  • Астана
    +21°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +24°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +23°
  • Көкшетау
    +21°
  • Қостанай
    +22°
  • Қызылорда
    +30°
  • Павлодар
    +27°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +30°
  • Туркестан
    +18°
  • Шымкент
    +31°
$
521.57
+2.02
601.01
+4.98
¥
72.64
+0.35
6.65
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Самар ауылында жаңа су құбырын салу жобасы жанданды

Самар ауылының тұрғындары қарапайым ыңғайлылық – судың үздіксіз берілуін алты жылдан бері күтіп келеді

Усть-Каменогорск и ВКО / Самарское (район Самар) / Самар ауылында жаңа су құбырын салу жобасы жанданды
Фото:
Самар ауданы әкімдігінен

Су құбырын іске қосу жұмыстары 2019 жылы басталған, алайда құрылыс бірде жүріп, бірде тоқтап қала берді. Тек көктемде жоба қайта жанданды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Елімізде азаматтардың тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған ауқымды инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда. Мемлекет басшысы айқындаған басты басымдықтардың бірі – халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету. Біз бұл тапсырманы орындауға міндеттіміз, - деді Самар ауданының әкімі Серік Жеңісов. – Құрылыс барысы менің жіті бақылауымда.

Жаңа су құбыры 1 тамыздан бастап іске толықтай қосылып, күзге дейін үйлерге су беріле бастайды. Ал 2026 жылдың 1 қыркүйегіне дейін барлығы біртіндеп жаңа жүйеге қосылуы керек.

Осыдан кейін суық су үздіксіз беріледі және түнде тоқтап қалмайды. Бұл тек самарлықтардың емес, Құлынжон, Аққала, Көкжыра ауылдарының да өзекті мәселесі. Бұл ауылдарда да су құбыры жоабалары аяқталмаған. ШҚО әкімі аудан халқымен кездесу кезінде жергілікті билікке басталған жұмыстарды аяқтап, барлық ауылдарға орталықтандырылған су жүйесін қосуды тапсырған.

Следующая →