Шығыс өңірінің әскери бөлімдеріне болашақ командирлер келіп қосылды
Кеше ғана курсант болған жас жігіттер бүгінде әскери бөлімдердің командирлері атанды

Олар енді взводқа, сарбаздарға, болашаққа жауапты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Ұлттық ұлан академиясының түлектері Өскемен, Семей және Павлодар гарнизондарындағы әскери бөлімдердің сапын толықтырды. Жас офицерлер алғашқы қадамдарын сеніммен бастады – олар взвод командирлері мен тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі рота командирінің орынбасары қызметтеріне тағайындалды.
Қызметке кіріскен күннен бастап жас лейтенанттар үшін арнайы оқу-әдістемелік жиын ұйымдастырылды. Жиын барысында олар теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде пысықтап, жауынгерлік дайындық, әскери нарядтар мен қарауыл қызметін ұйымдастыру, бөлімшелердегі тәрбие жұмыстары, әскери құжаттармен жұмыс істеу сынды маңызды бағыттар бойынша машықтанды, - деп мәлімдеді "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.