Өскеменде Жеңіс күні мерекелік отшашу болады
Биыл Ұлы Отан соғысындағы жеңіске 80 жыл толады

Фото:
Устинка LIVE
Өскеменде Жеңіс күніне бірқатар мерекелік шаралар жоспарланған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
"Жеңіс" (Стрелка) мемориалдық кешенінде ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің қатысуымен салтанатты рәсім өтеді.
Бағдарламада:
- 10.00 – театрландырылған қойылым және "Мәңгілік отқа" гүл шоқтарын қою рәсімі
- 11.30 – Жеңіс күніне арналған мерекелік күндізгі концерт
- 18.00 – мерекелік кешкі концерт
- 20.00-де - "Шам жақ" акциясы
Биыл 7 199 шам жағылады - әрқайсысы бір тағдырды, бір ерлікті бейнелейді.