Өскеменнің әкімі ойын алаңын сұраған балалармен кездесті
Қазыбек би және Есенберлин даңғылдарындағы көпқабатты үйлердің ауласы абаттандырылатын болды

Сәуір айында Жібек матар комбинаты ауданындағы бірнеше үйдің балалары қала әкіміне бейнеүндеу жасап, ойын алаңын сұраған болатын, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Қала әкімі Алмат Акышов Қазыбек би даңғылы бойындағы №46, 48, 50, 52 және Есенберлин даңғылы бойындағы №19, 21, 23 үйлердің аула аумақтарына барып, олардың қазіргі жай-күйімен танысты.
Кездесу барысында қала басшысы тұрғындармен, соның ішінде балалармен де пікір алмасып, олардың жаңа алаңға қатысты ұсыныстары мен тілектерін тыңдады.
Алдағы уақытта қауіпсіз балалар ойын алаңы мен спорттық құрылғылар орнатылады. Барлық жастағы және мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолайлы жағдай жасауға баса мән берілмек.