Отан қорғаушылар күнін өскемендіктер қалай атап өтеді?
7 мамыр күні облыс орталығында Отан қорғаушылар күніне орай бірқатар мерекелік іс-шара жоспарланған

Фото:
Устинка LIVE
Ертең Сол жағалаудағы әскери кешенде мерекелік концерт сағат 11.00-де басталады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Сағат 12.30-да Сағадат Нұрмағамбетовтің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді
Сол күні Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадтың тікелей көрсетілімі келесі екі алаңда ұйымдастырылады:
- Сол жағалау кешені
- Спорт сарайының жанындағы LED экран
Ал келесі күні, 8 мамырда, 19.00-де Республика алаңындағы орталық киіз үйде көркем фильм көрсетіледі.