Өскемен
облачно
+24°
  • Өскемен
    +24°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +9°
  • Ақтөбе
    +10°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +5°
  • Қызылорда
    +16°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +9°
  • Шымкент
    +19°
$
441.66
475.14
¥
61
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Александр Селиванов
Ақпарат көзі:
Устинка

27 маусымға арналған таңғы әлем жаңалықтары

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика және өзге де салаларда орын алған маңызды жаңалықтарға шолу жасады

Трамп ФТБ басшылығына жаңа үміткерді Сенатқа ұсынды

АҚШ президенті Дональд Трамп Федералды тергеу бюро директорлығына Кристофер Рэйдің үміткер ретінде АҚШ Сенатының қарауына енгізді, деп хабарлайды Ақ үйдің баспасөз қызметі.

ФТБ басшылығына Рэйдің ұсынылатынын американдық жетекші 7 маусым күні жариялаған. Трамп Рэйді «мінсіз маман» деп атады.

Кристофер Рэй - King & Spadling фирмасының заңгері. Ерекше сұрақтар мен үкіметтік тергеулер бойынша мамандандырылған топтың төрағасы. 2003-2005 жылдар аралығында АҚШ Әділет министрлігінің қылмыстық істер бойынша бас прокурорының көмекшісі қызметінде болған.

Мэй Brexit -тен соң ЕО азаматтарына қоныстанушы статусын беруді ұсынады

Британ үкіметі Brexit -тен соң Еуроодақ азаматтарына қандай ұсыныс беретіні туралы тыңғылықты ақпарат беретін 15 беттік құжатты жариялады. Құжат бойынша,кем дегенде бес жыл заңды түрде Британияда тұратын ЕО азаматтары «қоныстанушы статусын» алып, әйлдері мен балаларын өздерімен алып келе алады.

Британияда тұрған мерзімін есептейтін күнді растау керек. «Қонастанушы статусын» алуға мерзімі жетпейтін ЕО азаматтарына «өз статусын ретке келтіруге» екі жыл беріледі.

Британияда тұратын Еуроодақ азаматтары Brexit -тен кейін де елде қалуға құқылы болу керек, деді премьер-министр Тереза Мэй парламент қауымы Палатасында сөйлеген сөзінде.

Британияның корольдік гвардиясын бірінші әйел басқарды

Лондондағы Букингем сарайының күзетінде тұратын корольдік гвардияны басқарған канадалық әскери қызметкер бірінші әйел болды. Бұл туралы британдық The Guardian газеті дүйсенбі күні хабарлады.

Қараулды ауыстыру салтанаты Меган Куото 40 әскери қызметкердің басшысы атанғанда өтті.

Мен жұмысымды барынша жақсы орындай отырып, қарапайым болып қалуға тырысамын. Барлық әріптестерім корольдік гвардияны басқару бақытына ие болғысы келеді, мұндай құрмет үшін мен де бақыттымын, - дейді Куото.

Атап өту керек корольдік гвардия Британияда XVII ғасыр ортасында пайда болған. Олар монархты күзете отырып британ әскерінің құрамасында қалады.

Қытайда нобель сыйлығының лауреатын түрмеден босатты

Ресми Пекин Нобель сыйлығының қытайлық лауреаты Лю Сяобоны түрмеден босатты. 2009 жылы «мемлекеттік сапты бұзуда азғырушы» болды деген айыппен 11 жылға бас бостандығынан айрылған жазушы және құқыққорғаушының бауырынан жантәсілім сатысындағы қатерлі ісік анықталған. Құқыққорғаушының заңгері Мо Шаопин дүйсенбі күні өз қорғанушысының Шэньян қаласындағы ауруханалардың бірінде емделіп жатқаны туралы хабарлаған. Заңгерінен басқа жанұя мүшелеріне келуге рұқсат етілген.

Арканзас түрмесінен қашқан адам 32 жылдан кейін ұсталды

Американдық Арканзас штатындағы Спрингдейл қаласында жергілікті түрмеден отыз жыл бұрын қашқан адам ұсталды.

Стивен Дишман Линкольн округіндегі түрмеде бұзып кіру арқылы ұрлық жасағаны үшін 7 жылға қамалған болатын. Ол 1984 жылдың желтоқсанында сотталып, 1987 жылдың желтоқсанында уақытынан бұрын босатылуға құқылы болды.

Алайда 1985 жылдың 28 мамырында ол қашып кетіп, 32 жыл бойы іздеуде болған. Ол жазасын өтеп жатқан штатта ұсталған.

Түзету мекемелері департаментінің баспасөз-қызметі хабарлағандай қазір 60 жастағы Дишман өтемеген мерзіміне дейін қамауға алынады. Сонымен қатар ұйымдастырған қашуға байланысты жаңа айып тағылуы мүмкін.

Арканзас билігінде түрмеден қашқан тағы төрт адамның тізімі бар.

 

Следующая →