ШҚО әкімі Ресейдегі халықаралық экономикалық форумға қатысуда
Санкт-Петербургте халықаралық экономикалық форумының XXVIII отырысы өтті

Фото:
ШҚО әкімінің баспасөз қызметі
Форум жұмысына 140 елден 23 мыңнан астам қатысушы жиналды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов 18-21 маусым аралығында Ресейде өтіп жатқан "Көпполярлы әлемдегі өсімнің негізі – ортақ құндылықтар" тақырыбындағы XXVIII Петербург халықаралық экономикалық форумына қатысуда.
Форумның пленарлық отырысына Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин мен шетелдік ресми тұлғалар қатысты.