Өскемен
ясно
+23°
  • Өскемен
    +23°
  • Алматы
    +29°
  • Астана
    +25°
  • Ақтөбе
    +23°
  • Актау
    +23°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +25°
  • Көкшетау
    +23°
  • Қостанай
    +25°
  • Қызылорда
    +33°
  • Павлодар
    +23°
  • Петропавловск
    +22°
  • Тараз
    +31°
  • Туркестан
    +18°
  • Шымкент
    +33°
$
521.57
601.01
¥
72.64
6.65
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Танымал ерлі-зайыпты блогерлер заңсыз онлайн-лотерея ойнатқан

Халыққа 500-50 000 теңгеге билет сатып, 162 млн теңге табыс тапқан

Новости Казахстана / Танымал ерлі-зайыпты блогерлер заңсыз онлайн-лотерея ойнатқан
Фото:
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі

Қазір ҚМА Маңғыстау облысы бойынша департаменті заңсыз кәсіпкерлік қызмет фактісі бойынша тергеу жүргізуде, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Ақтау қаласында ерлі-зайыптылар Instagram, TikTok және Telegram желілерінде 850 мыңнан астам оқырмандары бола тұра, ауқымды онлайн-лотереялар ұйымдастырған. Лотерея операторы ретінде тіркелмегеніне қарамастан, олар автокөлік, пәтер және басқа да бағалы жүлделер ойнатқан, - деп мәлімдеді ҚМА. - Қатысушылар құны 500-ден 50 000 теңгені құрайтын билет (цифрлық нөмір) сатып алып отырған. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, бұл лотереяларға 1 800-ден астам азамат қатысқан.

Заңсыз қызмет нәтижесінде қылмыстық табыс сомасы 162 млн теңгеден асқаны анықталды.

Күдіктілердің мүлкі мен банк шоттарына тыйым салынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Бейресми ақпараттарға сүйенсек, олар танымал әншінің қызы мен күйеу баласы екен.

Следующая →