Өскемен
ясно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Спорт Спорт
Ақпарат көзі:
Устинка

Ольга Рыпакова әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды

Ұлыбритания астанасы Лондон қаласында жеңіл атлетикадан өтіп жатқан Әлем чемпионатында әйелдер арасында үш мәрте қарғып секіруден жеңімпаз-жүлдегерлер анықталды

Бірінші мүмкіндігінде-ақ 14,45 метрге секірген 33 жастағы Ольга Рыпакова қос мәрте әлем біріншілігінің жеңімпазы, Рио Олимпиадасының чемпионы, колумбиялық Катерина Ибаргуэн мен бұдан бір жыл бұрын Бразилия жерінде күміс жүлдегер атанған 22 жасар венесуэлалық Юлимар Рохастан кейін алғашқы үштікке ілікті.

Екінші рет секіргенде Юлимар Рохас 14,83 метр нәтижемен көш бастады. Үшінші мүмкіндігінде Ольга Рыпакова 14,77 метр нәтижемен екінші орынға көтерілді. Әйтсе де атақты колумбиялық, Рио Олимпиадасының чемпионы Катерина Ибаргуэн 14,89 метр нәтижемен көш басына шықты.

Бесінші мүмкіндігінде Юлимар Рохас 14,91 нәтижемен қайтадан алға кетті. Бұдан кейін үздік көрсеткішке ешкім қол жеткізе алған жоқ. Осылайша, өзінің жастығы мен мүмкіндігінің мол екендігін көрсете білген венесуэлалық жеңіл атлет алғаш рет әлем чемпионы атанды. Катерина Ибаргуэн күміс, Ольга Рыпакова қола жүлдеге қол жеткізді.

Еске сала кетейік, бұдан бес жыл бұрын дәл осы Лондонда Ольга Рыпакова жазғы олимпиада ойындарының чемпионы атанған болатын. Сонымен қатар Бейжің мен Рио-де-Жанейро олимпиадаларында қазақстандық жеңіл атлеттің қола жүлдені еншілегені белгілі.

Следующая →