Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар
Ақпарат көзі:
Устинка

Үндістанда 300 адам доңыз тұмауынан көз жұмды

Үндістанның батыс штаты Махараштрада шошқа тұмауы күрт өршіп, жыл басынан шілденің ортасына дейін індетті жұқтырған 2324 адам тіркелген. Ал 284 адам көз жұмды

Эн-ди-ти-ви телеарнасы хабарлағандай, бүкіл Үндістанда осы індеттен көз жұмғандардың 50%-ы осы штаттан. Шілде айында H1N1 вирусынан 600 адам көз жұмған.

Дәрігерлер Мумбайдағы жағдайға аса алаңдаушылық білдіреді. Өйткені өткен жылы тұмауға шалдыққан тек үш жағдай тіркелсе, биыл 835 инфекция жұқтырғандар анықталып, 16 адам қайтыс болған.

Індетке шалдыққандар арасында атақты Болливут актері, жұлдыз Амир Хан мен оның жұбайы және режиссер Киран Рао бар. Актер өзінің бұл жағдайы туралы өткен аптада хабарлаған. Енді оның жанкүйерлері сүйікті актерлерінің денсаулығына алаңдаулы.

Следующая →