Өскемен
малооблачно
+23°
  • Өскемен
    +23°
  • Алматы
    +24°
  • Астана
    +21°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +24°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +23°
  • Көкшетау
    +21°
  • Қостанай
    +22°
  • Қызылорда
    +30°
  • Павлодар
    +27°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +30°
  • Туркестан
    +18°
  • Шымкент
    +31°
$
521.57
+2.02
601.01
+4.98
¥
72.64
+0.35
6.65
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Алғаш рет екі қазақ каратэшісі қатарынан Grand Winner жүлдесін иеленді

Марокко астанасы Рабатта каратэден (WKF) жылдың қорытындысы Премьер-лига санатындағы турнирі аяқталды

Новости Казахстана / Алғаш рет екі қазақ каратэшісі қатарынан Grand Winner жүлдесін иеленді
Фото:
t.me/sport_comiteti

Байрақты бәсекеде екі қазақ қызы Grand Winner номинациясына ие болды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР Туризм және спорт министрлігі ақпаратына сүйеніп.

Биылғы 4 жарыстың нәтижесінде өз салмағындағы рейтингте көп ұпай жинаған отандасымыз Мөлдір Жаңбырбай (-50 кг) мен Әсел Қанай (-61 кг) үздік спортшыға берілетін Grand Winner номинациясына ие болды, - деп мәлімдеді министрлік.

Айта кетейік, осыған дейін Ұлттық құраманың 2 спортшысы қатар мұндай марапатқа ие болмаған. Мөлдір Жаңбырбай былтыр тұңғыш болып 50 кг дейінгі салмақта Grand Winner атанған. Ол - осы сыйлықты 2 мәрте иеленген алғашқы каратэ шеберіміз.

Мөлдір биыл Париж қаласында өткен алғашқы Премьер-лига бәсекесінде қола, Ханчжоуда күміс, Каирде алтын медаль жеңіп алған. Әсел Париж бен Каирде күміс, Ханчжоуда қола медаль олжалаған.

Сонымен қатар, биыл осы атақтан Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Софья Берульцева да үмітті болған. Алайда команда көшбасшысы Рабатта топтық кезеңнен шыға алмай, ұпай саны жағынан қарсыласын қуып жете алмады.

Следующая →