Өскемен
ясно
+15°
  • Өскемен
    +15°
  • Алматы
    +24°
  • Астана
    +24°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +22°
  • Көкшетау
    +22°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +30°
  • Павлодар
    +21°
  • Петропавловск
    +20°
  • Тараз
    +28°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +29°
$
514.5
582.67
¥
71.29
6.35
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстандық оқушы Азия-Тынық мұхиты аймағының ең мықты лингвисі атанды

Азия-Тынық мұхиты лингвистикалық олимпиадасы — APLO-2025 өз мәресіне жетті

Новости Казахстана / Қазақстандық оқушы Азия-Тынық мұхиты аймағының ең мықты лингвисі атанды
Фото:
egov.kz

Қытай, Австралия, Гонконг, Жапония, Малайзия, Иран, Корея, Сингапур, Таиланд сияқты АТА елдерінің дарынды оқушыларын біріктірген беделді зияткерлік жарысқа биыл 500-ге жуық оқушы қатысты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Asia Pacific Linguistics Olympiad (APLO) - жоғары сынып оқушыларына арналған халықаралық лингвистикалық олимпиада. Бұл олимпиада логикалық ойлау, тілдік түйсігі мен мәдениетаралық құзыреттілікті дамытуға бағытталған және Халықаралық лингвистикалық олимпиадаға (IOL) қатысуға жол ашады. APLO - оқушыларға халықаралық деңгейде өздерін сынап көруге және академиялық ортада таныла түсуге үлкен мүмкіндік береді.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі ақпаратына сүйенсек, байқау қорытындысы бойынша Маңғыстау облысындағы IT-лицейдің оқушысы Рамазан Бутантаев жоғары нәтиже көрсетіп, олимпиаданың абсолютті жеңімпазы атанды. Ол аймақтың ең мықты қатысушыларын басып озып, алтын медаль иеленді.

Жалпы, Қазақстан құрамасы лингвистикалық олимпиада тарихындағы ең үздік нәтижені көрсетті - 5 медаль және 3 Құрмет грамотасын жеңіп алды:

  • Рамазан Бутантаев - 10-сынып, мамандандырылған IT-лицей (Маңғыстау облысы);
  • Самир Сарбасов - 12-сынып, НЗМ (Астана қаласы);
  • Тимур Кантаев - 11-сынып, «Арыстан» мамандандырылған мектебі (Алматы қаласы);
  • Зере Серікова – 11-сынып, №9 «Зерде» мектебі (Астана қаласы);
  • Темірлан Сейтбаттал – 11-сынып, БИЛ (Ақмола облысы).

Құрмет грамотасымен марапатталғандар:

  • Ислам Сипатталов — 10 сынып, БИЛ, Ақтөбе қаласы;
  • Шыңғыс Қарасаев — 11 сынып, НЗМ, Орал қаласы;
  • Арон Хасанов — 11 сынып, БИЛ, Атырау қаласы.

Лингвистикадан ҚР құрама командасының жаттықтырушысы — лингвистика және география пәндерінен халықаралық және республикалық олимпиадалар жеңімпазы, Эберхард және Карл атындағы Тюбинген университетінің 2-курс студенті - Аида Давлетова.

Следующая →