Өскемен
облачно
+15°
  • Өскемен
    +15°
  • Алматы
    +22°
  • Астана
    +22°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +21°
  • Көкшетау
    +22°
  • Қостанай
    +17°
  • Қызылорда
    +30°
  • Павлодар
    +19°
  • Петропавловск
    +20°
  • Тараз
    +25°
  • Туркестан
    +18°
  • Шымкент
    +28°
$
514.5
-4.03
582.67
-5.50
¥
71.29
-0.03
6.35
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстанда 9 мыңнан астам акушер еңбек етеді

Бүгін біз жаңа өмірдің бастауында тұратын жандар — акушерлердің мерекесі

Новости Казахстана / Қазақстанда 9 мыңнан астам акушер еңбек етеді
Фото:
pexels

Қазақстанда жыл сайын орта есеппен 370 мыңға жуық әйел босанады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ақпаратына сүйеніп.

Осы жауапты сәтте акушерлердің еңбегі, қамқорлығы мен біліктілігі маңызды. Олар болашақ аналар перзентханаға түскен сәттен бастап шыққанша дейін қамқорлық жасап, тек медициналық емес, моральдік қолдау да көрсетеді. 

Елімізде 240 босандыру ұйымы, оның ішінде 58 перзентхана және 37 перинаталдық орталық жұмыс істейді, - деп мәлімдеді министрлік. - Амбулаториялық көмекті 810 әйелдер консультациясы, 1 282 дәрігерлік амбулатория және 790 фельдшерлік-акушерлік пункт көрсетеді.

Қазақстанда 9 мыңнан астам акушер еңбек етеді, олардың 64%-ы қалада, 36%-ы ауылда жұмыс істейді. Перзентханаларда 3 740 акушер, ал медициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейінде 3 675 акушер қызмет етеді. 600-ден астам акушер шалғай жерлерде фельдшерлік-акушерлік пункттерде қызмет көрсетіп отыр.

Халықаралық акушерлер күнін белгілеу туралы идея 1987 жылы ұсынылып, 1992 жылы ресми түрде мойындалды.

Следующая →