Самар ауданында ағаш егуге 500-ге жуық адам қатысты
Самар ауданында Отан қорғаушылар мен Жеңіс күні қарсаңында мектеп аумағында көшеттер отырғызылды

"Таза Қазақстан" ұлттық жобасы аясындағы шараға мектеп оқушылары мен аудандағы мекеме басшылары атсалысты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Аталған шараға аудан әкімі Серік Жеңісов, аудан прокуроры Айдос Тұрсынов, білім бөлімінің басшысы Руслана Закирьянова, Самар ауылдық округінің әкімі Марат Дюсупов, аудан мәслихатының төрағасы Гүлнар Шаймарданова қатысты.
Президенттің бастамасымен елімізде "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы өтіп жатыр. Бұл бір күндік акция емес, ұзақ мерзімге созылады. Мектебіміздің оқушылары мектеп ауласын тазалауға, көгалдандыруға белсенді қатысып жатыр. Шараның тағы бір ерекшелігі мектеп түлектері де қатысып, жеміс ағаштарын да екті, – дейді Ж. Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Саягүл Құсайынова.
Айта кетейік, ағаш егуге 500-ге жуық адам қатысты. Олар шырша, жеміс ағаштарын, гүл, шие, алмұрт көшеттерін екті.
Игі шара барысында оқушылар арасында флешмоб ұйымдастырылды.