Ваше сообщение отправлено.
Спасибо за внимание!
Спасибо за внимание!
Қазақстандағы ең алғашқы азан Аршатыда шақырылады
Ауылдағы бірінші мешіт пен қатымхана
- Талғат екеуміздің әкелеріміз бір үйдің ағайынды балалары. Ағамның туған жеріне мешіт салып жатқанына бүкіл ауыл тұрғындары қуанып отыр. Жастар намаз оқысын деп сауабы үлкен жұмысты бастаған соң, біз де қолымыздан келгенше аянып қалмай жәрдемдесіп жатырмыз. Іргетасын 2021 жылдың мамыр айында құйып бастадық. Жұмысшыларды Өзбекстаннан алдырдық. Қазір барлығы он екі адам жұмыс істеп жатыр. Қанша қаражат кеткенін Талғат қана біледі, ол қазір жеке шаруаларымен қалаға кеткен. Ауылдағы ағайын да көрпесіне қарай көсіліп, өз шама-шарқынша қол ұшын созуда. Ауданымыздағы ұлттық мемлекеттік табиғи парктің ағаш материалдарымен үлкен көмек көрсетіп жатқанын ерекше ескеріп айта кету керек. Ауыл халқының біреуі құрт-майын, біреуі тәтті тосабын, бауырсақ-шайын алып келеді кейде. "Сауап жинаймыз" деп аз да болсын ақшалай беріп кететіндер де бар, - дейді Айдар Серменов.Мешіттің сол жағына екі жүз елу адамға арналған қатымхана салынып жатыр. Оның негізгі сыртқы құрылыс жұмыстары бітіп те қойған. Дәрет алатын орын мешіттің ішіне де, сыртына да салынбақ. Ауласына науқан кезінде ет пісіріп, қазан қоятын орын да күні бұрын сайланыпты. Дәл көшенің бойында қаладағыдай газон төселіп, темір тормен қоршалмаса да, тұрпайы түрде қолдан жасалған қақпасы бар футбол алаңы орналасқан. Мешітті салып жатқандар алаңқайға тиіспей, қазықты бір метр ары қағыпты.
- Құдай қаласа, мешіттің құрылысы биыл күзде бітеді деп ойлап отырмыз. Құрбандық шалынып, ашылу салтанатын жасаған кезде ауданның бас имамы, облыстың имамдары келген болатын. Олар "күн бірінші шығатын, бірінші азан шақырылатын ауылға бір молдамызды әкеліп отырғызамыз" деп уәде беріп кеткен болатын, - дейді Талғат Серменовтің бауыры Айдар.
Аршаты ауыз сумен қамтамасыз етіледі
- Құрылыс ағымдағы жылдың маусым айында басталған болатын. Жоспар бойынша қазан айында аяқталуы керек. Әрбір үйге су құбыры тартылып қойған, көшедегі құбыр жүргізу жұмыстары да әлдеқашан аяқталған. Енді тек ауыз су шығаратын құрал-жабдықтар тұратын осы ғимаратты салып бітіру қалды, - дейді бригадир Ермұрат Мақсұтқанұлы.
"Ғаламтор желісі мүлде тартылмайды"
- Құдай үшін, дұрыс жол салып берсінші. Әбден діңкемізді құртып, жүйкемізді жұқартып бітірді. Тәуелсіздік алғанымызға 30 жыл толды деп тойлап жатыр ма қалада? Осы уақыт ішінде жолы жаман болғаны үшін қаншама ауылдардың тынысы тоқтап жатыр. Бізден де дұрыс жол мен интернеттің жоқтығының кесірінен көшіп жатыр. Әйтпесе, кім жылы орнын суытқысы келеді дейсіз, - деп жыларман болды Аршаты ауылының тұрғыны Гүлназ Жетпісова.Расымен де, Аршатының ішінде жолдың шаңы шығып жатыр. Асфальт деген атымен жоқ. Берел ауылына дейін апаратын жол да ешқашан жөндеу көрмеген. Жабайы салынған қара жол. Көктем мен күзде батпағы мидай езілгенде Нива-дан басқа көлігіңіз келе алмай қалады.
- Жол салу жоспар бойынша жүзеге асатын жұмыс. Қазір әзірге басқа ауылдардың жолдары жөнделуде. Ал ғаламтор бұл ауылға тартылмайды. Себебі қай жерге болмасын ұялы байланыс желісін орнату үшін сол елді мекеннің халқы 250-ден асу керек. Аршатыда тұратын адам саны одан аз. Сондықтан, бұл ауылға ғаламтор мүлде тартылмайды, - деді Айбар есімді жас жігіт.Сонда қалай болғаны, темір бағана орнатып, ұялы желі байланысын тарттық дегені көзбояушылық болғаны ма?! Одан да халыққа "тұрғындар санын 250 адамнан асырыңдар, сонда ғана интернет болады" деп ашық айта салмай ма? Мақаламыздың басында айтқандай, күнді алғаш көретін ауылдың көре алмай отырған игіліктері дегеніміз осы.