Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
Үржар ауданындағы облысқа, тіпті бүкіл елге танымал балалар демалыс орны - "Үржарайым" лагері өз жұмысын бастады
- Өңіріміздің бас санитарының қаулысы негізінде лагерьге келетін балалар ПТР тестін тапсыруы міндетті. Негізінде лагерь бір кезеңде 165 балаға есептелген. Бірақ биыл санитарлық нормаларға сай, 50 пайыз сыйымдылық қағидаты бойынша 80 балаға орын дайындалған. Жатар орындардың ара қашықтығы 2 метрден. Әр қабатта кварц, антисептиктер, кіре берістерде арнайы кілемшелер қойылған. Дезинфекциялық заттар артығымен алынған. Сонымен қатар, лагерь қызметкерлері түгелдей вакцина қабылдаған, - дейді Үржар аудандық білім бөлімінің маманы Гүлнұр Меделханқызы.Жалпы биыл облыстағы 183 мыңнан астам бала жазғы демалыс-сауықтыру орындарына жіберіледі деп жоспарлануда. Бұл мақсатта 220 млн теңге қарастырылған, оның 194 млн теңгесі лагерьлерге жолдама сатып алуға жұмсалса, қалған 26 млн теңге демалыс-сауықтыру орындарын қажетті дезинфекциялық заттармен қамтамасыз етуге бағытталады.