Өскемен
пасмурно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +9°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +19°
$
442.05
474.14
¥
61.07
4.74
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде Бірлік күніне орай марафон өтті

1 мамыр - бірлік күні қарсаңында бүкіл Қазақстан бойынша "Бірлік жүгірісі" өтті

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде Бірлік күніне орай марафон өтті
Фото:
instagram/assembly_shko

Бұл шара Қазақстан халқы ассамблеясының қолдауымен ұйымдастырылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Жарыс еліміздің 15 өңірінде өтті. Шығыс Қазақстан облысы да бұл шарадан қалыс қалмады. Мереке алдындағы марафонға ШҚО ҚХА шығармашылық ұжымдары мен этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, облыстық Достық үйінің қызметкерлері, студенттер, қала тұрғындары және барлық тілек білдірушілер қатысты.

Жарыс Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығының аумағында орналасқан этнопарктен басталды.

Біз бүгін мұндай орынды кездейсоқ таңдаған жоқпыз, өйткені ол біздің аймақтың этникалық алуан түрлілігін керемет түрде көрсетеді. Мұнда кем дегенде бір рет келгендердің бәрі менімен келіседі деп ойлаймын, – деп өз ойын білдірді ШҚО Достық үйінің баспасөз қызметінің басшысы Айзада Юнусова.

Қатысушылар өздерінің спорттық шеберліктерін көрсетті, әрине, достық жеңіске жетті.

Көктемнің жылы күнінде біз осындай керемет жерге жиналғанымызға қуаныштымын. Қазақстандықтарды спорт біріктіреді, - деп атап өтті ШҚО ҚХА корей этномәдени бірлестігінің өкілі Павлина Пшимбаева.

Следующая →