Өскемен
ясно
+18°
  • Өскемен
    +18°
  • Алматы
    +24°
  • Астана
    +23°
  • Ақтөбе
    +12°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    +22°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +20°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +25°
  • Туркестан
    +4°
  • Шымкент
    +20°
$
439.43
473.31
¥
60.98
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО университеттері тасқыннан зардап шеккендерге көмек көрсетті

С. Аманжолов атындағы ШҚУ қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде бір күндік жалақыларын аударады

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО университеттері тасқыннан зардап шеккендерге көмек көрсетті
Фото:
ҚАЕУ жұртшылықпен байланыс орталығы

Ал ҚАЕУ-де Қостанай облысының тұрғындары үшін гуманитарлық көмек жинады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Қазақстандықтар табиғи апаттан зардап  шеккендерге гуманитарлық көмек жинауды жалғастыруда.

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ұжымы да шетте қалмады. ЖОО қызметкерлері су басқан аудандардың тұрғындарына бір күндік жалақыларын аудару туралы шешім қабылдады. Айта кетейік, ШҚУ-да 1000-ға жуық адам еңбек етеді, - деп мәлімдеді университеттің баспасөз қзыметі. - Бұған дейін оқу орны Ақтөбе облысына гуманитарлық көмек жөнелткен болатын. Атап айтқанда, азық-түлік, суды тазартатын сүзгілер, гигиеналық заттар, тұрмыстық химия, дәрі-дәрмектер, көрпе-жастықтар бар.

Қазақстан-Американдық еркін университеті де су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтар үшін облыстық еріктілер фронт-кеңсесіне қажетті заттарды сатып алып, тапсырды.

Біздің университет қиын жағдайға тап болғандарға қажетті қолдау көрсетуге әрқашан дайын. Өткен жылы табиғи өрттермен күрескен кезде ҚАЕУ Абай облысына гуманитарлық жүк жинап жөнелтті, - деді ҚАЕУ жастар саясаты жөніндегі проректоры Наталья Уразова. – Бүгін облыстық еріктілер фронт-кеңсесіне  су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтар үшін барлық қажетті заттарды тапсырды. Гуманитарлық көмек Қостанай облысына жіберіледі.

Следующая →