Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
1 мамыр – Қазақстан Халықтарының бірлігі күніне орай, О. Бөкей атындағы қалалық кітапханада "Біз біргеміз!" тақырыбы аясында әр ұлт өкілдерінің басын қосты
Бірліктің туын биік ұстаған әр ұлт өкілдері кітапханада бас қосты. Сонымен бірге, №3 орта мектептің оқушылары да шараға қатысты.
Этнос өкілдері өз ұлттық киімдерін киіп, әр түрлі тілде сөйлесе де, жүректері бірлік пен татулықты жырлады. Шара барысында қонақтарға кітапхана ішіне экскурсия ұйымдастырылып, ондағы көрсетілетін қызмет түрлерімен, кітап көрмесі таныстырылды.
Қазақстанның көпұлтты халықтары арасындағы бірлік пен ынтымақтастығы нығая берсін! Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі біздің еліміздің ең басты байлығы. Оны көздің қарашығындай сақтауға тырысайық, - деді Поляк диаспорасының өкілі Валентина Фрышко.