Өскемен
ясно
+27°
  • Өскемен
    +27°
  • Алматы
    +25°
  • Астана
    +26°
  • Ақтөбе
    +32°
  • Актау
    +26°
  • Орал
    +26°
  • Қарағанды
    +23°
  • Көкшетау
    +26°
  • Қостанай
    +22°
  • Қызылорда
    +33°
  • Павлодар
    +27°
  • Петропавловск
    +25°
  • Тараз
    +27°
  • Туркестан
    +26°
  • Шымкент
    +31°
$
511.92
+0.15
588.91
-4.28
¥
71.27
-0.06
6.44
+0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Жас сарбаздарға рухани күш берді

Өскемен қаласы №49 мектептегі "Жас сарбаз" сыныбының оқушыларымен "Мақтан ететін тұлға" тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Усть-Каменогорск и ВКО / Жас сарбаздарға рухани күш берді
Фото:
Өскемен гарнизонының баспасөз қызметінен

Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі мәлімдегендей, әскери-патриоттық бағыттағы іс-шараны механикаландырылған бригададағы әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру қызметі мен №49 мектеп басшылығы ұйымдастырды.

Оқушылардың бойында Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттырып, жастардың бойында патриоттық сезімдерді қалыптастыру мақсатында өткен жиында жас сарбаздықтар материалдық-техникалық қамтамасыз ету батальонының рота сержанты 3-ші сыныпты сержант Аслан Бейсенғалиевпен кездесті.

Аслан Бейсенғалиев Қазақстан Қарулы Күштерінің қатарында 20 жылдан астам уақыт қызмет етіп келеді. Ол қызмет еткен жылдары ІІІ, ІІ және І дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін", ҚР ҚК-де 20 жыл, 25 жыл қызмет еткен медальдарымен наградталған. Жұбайы Қаламқас Ақкөзова екеуі үш қыз, екі ұл тәрбиелеп отырған өнегелі отбасы.

Мұндай мән-мағыналы, "Мақтан ететін тұлға" тақырыбындағы рухани күш беретін кездесулердің оқушылар үшін маңызы зор. Отбасында және қоғамда жағымды психологиялық жай-күйді қалыптастырып, біздің жас сарбаз сыныбының оқушыларына берер әсері де мол, – деп атап өтті мектеп директоры Айгүл Қадырова.

Кездесуде әскери қызметші қызметтің қыр-сырларымен, қызығын айтып, жас ұрпақ арасындағы сабақтастықты жалғастырып, жас сарбаздарға жол сілтеп, ақылымен бөлісті. Оқушыларда өз кезегінде көкейлерінде жүрген сауалдарды қойып, тұшымды жауап алды.

Следующая →