Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
Семей тұрғыны тәртіп сақшыларына, жақын емес танысына сеніп қалып, қалай алаяқтықтың құрбаны болғанын айтып шағымданған еді
- Семей тұрғынының айтуы бойынша, жылжымайтын мүлікті төмендетілген бағамен сатып алуды сылтауратып, алдау және сенімге қиянат жасау арқылы Семейдегі азық-түлік дүкендерінің бірінің жанында бейтаныс әйел оның ақшасын иемденіп алған, - деп хабарлайды ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.Алаяқтық жасады деген күдікті ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді.
- Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері Семей қаласының 44 жастағы тұрғынын анықтады. ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлімі "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, - деп түйіндеді басқарма өкілдері.