Өскемен
малооблачно
+23°
  • Өскемен
    +23°
  • Алматы
    +20°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +22°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +15°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +24°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +16°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +22°
$
509.51
570.6
¥
70.72
6.3
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Галина Денисова
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да "Түнгі қаланы кезген балалар" жедел-алдын алу іс-шарасы басталды

Тәртіп сақшылары үш күн бойы рейд жүргізіп, жасөспірімдердің түнгі уақытта көшеде жүрмеуін қадағалайды

17-20 маусым аралығында облыс аумағында "Түнгі қаланы кезген балалар" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның мақсаты балалардың құқықтарын бұзу фактілерін анықтау, балалар еңбегін пайдалану, балалардың қараусыз қалуының алдын алу кешкі және түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде, үйден тыс жерлерде кәмелетке толмағандардың жүруін анықтау, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, іс-шара кезінде алкогольдік ішімдіктерді ішкен, түнгі уақытта өздерінің тұрғын үй-жайларынан тыс, заңды өкілдерінің ілесуінсіз жүрген, тыныштық бұзған, ұсақ бұзақылық жасайтын кәмелетке толмағандарды анықтау бойынша рейдтер жүргізілуде. Сондай-ақ кәмелетке толмағандарды қоғамға қарсы әрекеттерді жасауға тартатын адамдар.

ШҚО Полиция департаментінің қызметкерлері ата-аналарға балаларының тәрбиесі мен қауіпсіздігіне толық жауапкершілікпен қарауды қатаң түрде ескертеді. Өйткені ата-аналық міндеттерді дұрыс орындамау әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқтырады.
Следующая →