Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Галина Пестрякова
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да бір тәулікте 79 адам коронавирус жұқтырды

Елімізде өткен тәулік бойынша коронавирус жұқтырған 1144 адам анықталды

Денсаулық сақтау министрлігінің Коронавирустық инфекцияны таратпау жөніндегі мекемесі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, Нұр-Сұлтан қаласы науқастар саны бойынша қалалар мен облыстар арасында бірінші орында тұр. Індет жұқтырған адам саны - 222, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Эпидемиологиялық ахуал бойынша Қарағанды облысы екінші орында - тәулікте 160 жағдай тіркелген. Алматы қаласы сырқаттанушылық деңгейі бойынша алғашқы үштікті 126 науқаспен жабады. 

Жалпы, COVID-19 пандемиясы басталғаннан бері 397 976 қазақстандық тіркелген. 
Сонымен қатар, өткен тәулік ішінде Қазақстанда 1543 адам коронавирустан  айыққан. Оның 76-ы ШҚО тұрғыны.
Следующая →