Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
Алтай ауданының әкімі көктем кезінде су басып қалуы мүмкін объектілердегі алдын алу жұмыстарын тексеріп қайтты
- Вторушка өзеніндегі суарқалықтар, Алтай қаласының сорғы станциясына бардым. Тексеру барысында жауапты тұлғаларға Вторушка өзенінің жағалауын үймелеу, ұлғайту және бекіту бойынша қосымша шаралар қабылдау жөнінде, көпірдің үстіне арнаны бұру құрылғысын жасауға, су деңгейі көтерілген және су арнадан асқан жағдайда сорғы станциясына қосымша сорғыш орнатуға тапсырма бердім, - дейді аудан әкімі.Аудан әкімі ауа райы жағдайына қарамастан аудан су тасқыны іс-шараларына дайын екенін жеткізді.
- 150 адамға арналған Алтай ауданының №11 жалпы білім беру орта мектебі базасындағы эвакуациялау бекетінде және 20 адамға арналған Алтай ауданының мүгедектер мен қарттарға әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығында болып қайттым. Мекеме басшылары уақытша орналастыру бекеттерінің дайындығын көрсетті. Бөлмелер барлық қажетті заттармен жабдықталған. Мекемелер басшыларына эвакуациялау бекеттерінің кірме жолдарын қардан тазалауды тапсырдым, - деді Қалиқан Байғонысов.