Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
Жаһанды жалмаған пандемия Жаңа жылға да өзінің кері әсерін тигізіп жатыр. Биыл риддерліктер күнтізбенің жаңа күнін ың-шыңсыз, у-шусыз, тып-тыныш қарсы алатын болды
- Жыл сайын орман шаруашылығымен келісе отырып шырша кесіп алатынбыз. Бірак бұл жолы облыстық табиғат ресурстарын қорғау басқрамасынан орман шаруашылығына бізге ағаш кесуге рұқсат бермеуге бұйрық түсіпті. Қандай себеп екенін айта алмаймын. Біз мәміле жүргізіп көргенімізбен, көндіре алмадық. Сол үшін де қаладағы басқа бір ұйымның көмегіне жүгініп, олардың аумағындағы ең үлкен деген шыршаны кесіп әкеліп алаңға орнаттық, - дейді Риддер қаласының ТҮКШ бөлімінің бастығы міндетін атқарушы Нұрсұлтан Көккөзов.Өскемен және Семей қалаларының әкімдігі осымен бірнеше жыл бойы жаңа жыл мейрамын тойлау үшін жасанды шыршалар орнатып келеді. Ал Риддер тұрғындары тек тірі шыршаны тамашалумен келген. Өйткені қаланың өзі қарағай-шыршалы орманның ортасында орналасқан. Алайда табиғатты сақтап, қорғаап қаламыз дейтін риддерліктер де бар болып шықты. Олардың ішінде әр жыл сайын "шыршаны қорғаймыз және сақтаймыз" науқанын өткізетін Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы да бар. Тұрғын үй коммуналдық-шарушылық бөлімі де бұл бастаманы қолдайтындықтарын білдірді.
- Келер жылдан бастап алаңға жасанды шырша қоятын боламыз, - деді Нұрсұлтан Көккөзов.Сондықтан Риддер тұрғындары тірі мерекелік шыршаны биыл соңғы рет көре алады. Десе де, жаңа жыл мерекесі олар үшін көңілсіз өткелі тұр. Карантин шаралары кезінде адам саны көп жиынды болдырмау мақсатында мәдениет сарайының алдында ешқандай іс-шара өтпейді. Барлық жаңа жылдық концертті тек теледидардан немесе мәдениет үйінің ресми интаграм парақшасынан тікелей эфирде тамашалай алады.