Облыста өткен байқаудың 26 жеңімпазы Астанада өтіп жатқан ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесіне қатысуға жолдама алды.
ШҚО қолөнер орталығының ұйымдастырушысы Райса Мұхаметжанова шілденің алғашқы он күнінде Астанада шығысқазақстандықтардың мәдени күндері өтетіндігін айтты. Ағаш шеберлері, жүн иіру, тері илеу мен тігу, тігін өнері шеберлері Астанаға жол тартуға дайындалып жатыр.
Мәселен, Катонқарағай ауданының тумасы Гүлнәр Қожамжарық пен Грумия Ғабитова кілем басу өнерінің қыр-сырын үйретпек. Байболат Далентаев тастан ойып зат жасаудың мәні мен тағылымын паш етпек. Сонымен қатар қолөнер шеберлері қазақттың ұлттық дүниелерінің – торсық, ертоқым, ою-өрнек, әшекей заттарының қалай жасалатындығын әлем жұртшылығына көрсетпек.