Есенберлин мен Алматы тас жолы аралығындағы жол жабылады
Өскеменде қала ішінде бірнеше жолда көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізілді

Қолайсыздықтар жөндеу жұмыстарына байланысты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Қазақстан көшесінен Кабанбай батыр көшесіне дейінгі аралықта трамвай жолдарын ауыстыру жұмыстарына байланысты Нұрмағамбетов көшесінде көліктер уақытша қарама-қарсы бағытта бір жолақпен жүреді. Сондай-ақ, Кабанбай батыр мен Қазақстан көшелерінің қиылысы уақытша жабық.Алдағы күндері шектеулер алынып, Нұрмагамбетов көшесіндегі қозғалыс қалыпты режимге оралады, - деп хабарлады Өскемен қаласының әкімдігі.
Сонымен қатар, Есенберлин даңғылы мен Алматы тасжолы арасындағы №1 учаскедегі жол бөлігі жөндеу жұмыстарына байланысты 26 күнге жабылады.
Бұдан бөлек, Крылов көпірінде (Протазанов көшесінен Астана көшесіне бағытта) орташа жөндеу жұмыстары басталды. Алдымен көпірдің бір бөлігі 10 жұмыс күніне жабылып, жөнделгеннен кейін ашылады. Содан соң келесі бөлігіне жөндеу жұмыстары жалғасады.