Ертең Өскеменде қымызмұрындық ұйымдастырылады
Бұл жер аяғы кеңіп, бие құлындап, желіге байланған тұста ағайын-туыс жиылып, алғашқы қымыздан дәм тататын мереке

Ата дәстүрді жалғастыру мақсатында ертең облыс орталығындағы арбатта сағат 12.00-де қымызмұрындық жасалады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Мерекені Шығыс Қазақстан сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығы ұйымдастырады. Мұндағы мақсат қалада жүріп ұлт дәстүрін ұмыта бастаған халыққа қымыздың дайындалу тәсілін көрсету, ұлы даланың қастерлі сусынына қатысты салт-дәстүрлерді насихаттау.
Мерекеде облыстық филармонияның әншілері, "Нұр-Алтай" би ұжымы, Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының "Ақниет", "Атамұра" ансамбльдері, музей-қорықтың "Белес" этно-фольклорлық ансамблі өнер көрсетеді. Сондай-ақ викториналар мен ұлттық ойындар, қолөнершілердің және ұлттық тағамдардың көрме-жәрмеңкесі ұйымдатырылады.