Өскемен
ясно
+25°
  • Өскемен
    +25°
  • Алматы
    +30°
  • Астана
    +31°
  • Ақтөбе
    +28°
  • Актау
    +23°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +29°
  • Көкшетау
    +31°
  • Қостанай
    +26°
  • Қызылорда
    +38°
  • Павлодар
    +29°
  • Петропавловск
    +29°
  • Тараз
    +32°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +34°
$
517.45
+5.01
598.59
+5.44
¥
72.04
+0.66
6.58
+0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО дәрігерлері төл мерекеге орай марапатқа ие болды

Елімізде маусымның əр үшінші жексенбісі – медицина қызметкерлерінің күні

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО дәрігерлері төл мерекеге орай марапатқа ие болды
Фото:
ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Осыған орай Шығыс Қазақстан облысында "Шығыс медицинасы-2025. Негізділік. Жаңару. Жауапкершілік" тақырыбы аясында салтанатты шара өтті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Медицина қызметкерлерін облыс әкімі Нұрымбет Сақтаганов құттықтады.

Денсаулық сақтау жүйесінің дамуы – мемлекеттік саясаттағы негізгі басымдықтардың бірі. Медицина – қарқынды дамып келе жатқан сала және медицинадағы соңғы жетістіктер халық игілігі үшін пайдаланылып, медицина қызметкерлеріне жетуі қажет. Бүгінгі таңда медицина қызметкерінен тек жанқиярлық және кәсіби шеберлік қана емес, тұрақты даму, медицинадағы соңғы жетістіктерді меңгеру және жаңа технологияларды енгізу де талап етілуде. Шығыс Қазақстан облысында, соның ішінде ауылдық жерлерде де емдеу мекемелерінің кең жүйесі қалыптасқан. Соңғы жылдары денсаулық сақтау нысандарын салу, жөндеу, жабдықтау жұмысатры жүйелі түрде атқарылуда. "Ауылдағы денсаулық сақтауды жетілдіру" ұлттық жобасы аясында бүгінгі таңда 35 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілді, - деді Нұрымбет Сақтағанов.

Облыс басшысы биыл басталған нысандардағы жұмыстар жалғасын табатынын атап өтті. Мәселен, гематология орталығы, 200 төсек-орынды көпсалалы аурухана және Риддер қаласында 500 келушіге арналған емхана салынады. Сонымен қатар, облыстық көпсалалы Онкология және хирургия орталығының хирургиялық корпусындағы 1–3-ші қабаттағы бөлімшелерді жаңғырту, қайта жоспарлап, жабдықтау, сондай-ақ Ана мен бала орталығының стационарының ғимаратын перинаталдық орталыққа ауыстыру жұмыстары атқарылады. Қазірдің өзінде Қасым Қайсенов кентінде 150 келушіге арналған емхана ел игілігіне берілді.

Шара барысында облыс әкімі үздік медицина қызметкерлеріне ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің құрмет грамоталары мен төсбелгілерін, сондай-ақ облыс әкімдігінің грамоталары мен алғыс хаттарын табыс етті. Сонымен қатар, еңбек сіңірген медицина қызметкерлеріне "Сенім" республикалық қоғамдық бірлестігінің "Үздік" төсбелгілері берілді.

Следующая →