Өскемендегі Ана мен бала орталығында ауқымды жөндеу жұмыстары жүріп жатыр
Бұрынғы балалар стационарының ғимараты қазіргі заманға сай босану үйіне айналмақ

ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омар жөндеу жұмыстарының барысын бақылап қайтты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Мұндағы бөлімдер, желдету және инженерлік жүйелер жаңартылып жатыр, заманауи медициналық жабдықтар сатып алынуда.
Бұрын гинекология, жаңа туған нәрестелер патологиясы, жансақтау бөлімдері, операциялық бөлмелер және зертхана әртүрлі ғимараттарда орналасқан еді. Енді бұл қызметтердің барлығы бір ғимаратқа шоғырланбақ, - деді Жақсылық Омар. - Жөндеу аяқталған соң, босану үйі толық осы ғимаратқа көшіріледі.
Басты мақсат – аналар мен нәрестелер үшін жайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау.