Биыл "Қонақжай отбасы" жобасына 140 оқушы қатысады
Олар тіл меңгеріп, жергілікті көрікті жерлер мен тарихи ескерткіштерге барады

Катонқарағай, Үлкен Нарын және Шемонаиха аудандарында жыл сайынғы "Қонақжай отбасы" жобасы басталды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Риддер қаласынан, Шемонаиха, Тарбағатай және Зайсан аудандарынан келген оқушыларды "Ақниет" мектеп-интернатының базасында жылы қарсы алды. Кездесуді Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің еріктілері ұйымдастырды. Қатысушыларға қонақжай отбасыларына орналасу және жайлы тұру әдептері туралы түсіндірілді. Еріктілер қатысушыларды бір-бірімен таныстырып, достық атмосфера қалыптасытруға тырысты.
Жобаның алғашқы күндері флешмоб, тақырыптық әңгімелер, зияткерлік ойындар ұйымдастырылды.
Волонтерлердің жұмысы жобаға қатысушылар баратын ауылдық елді мекендерде жалғасады.
Айта кетейік, биыл жобаға 140 оқушы қатысады.