ШҚО-да жоғалған жасөспірім үш күннен соң табылды

ШҚО ПД 9 маусымнан бері 15 жастағы жасөспірімге іздеу жариялаған

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да жоғалған жасөспірім үш күннен соң табылды
Фото:
ШҚО ПД баспасөз қызметінен

Жоғалған жасөспірім көршілес мемлекеттің азаматы, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Оның жоғалғаны туралы хабар түскен бойда Шығыс Қазақстан облысының полицейлері жедел түрде ауқымды іздестіру шараларын ұйымдастырды. Қала мен оның айналасын, су қоймаларының жағалауын, қаңырап бос қалған және иесіз ғимараттарды, орман алқаптарын тінту жұмыстарына 500-ден астам полиция қызметкері тәулік бойы жұмылдырылды.

Іздеу жұмыстарына құтқарушылар, әскери қызметшілер, қызметтік иттері бар кинологтар тартылып, дрондар пайдаланылды. Іздеу барысында азаматтардың белсенділігі де маңызды рөл атқарды: жергілікті тұрғындардың бірі әлеуметтік желілердегі бағдар арқылы ұқсас жасөспірімді көргенін айтып, шамамен жүрген орнын көрсеткен, - деп хабарлады ШҚО ПД.

Іздеу жұмыстарының үшінші күні аға лейтенанттар Исаев Ермек пен Қуаныш Акемеев бос тұрған ғимараттан жоғалған баланы тапты.

Жасөспірімнің айтуынша, ол үйінен әдейі шығып кеткен және біраз уақыт жалғыз болғысы келген. Осы уақыт ішінде ол жалғыз өзі иесіз ғимаратта болған. Ол аман-есен анасына тапсырылды.

Следующая →