ШҚО-да 25-30°С-қа дейін ыстық болады
Шығыс Қазақстанда жоғары дәрежелі өрт қаупі сақталады

Фото:
pexels
7-9 мамыр күндері облыстың оңтүстігінде ауа температурасы жоғарылайды, деп хабалайды Устинка LIVE тілшісі.
"Қазгидромет" ШҚО филиалының ақпараты бойынша 6 мамырда жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.
Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
7-9 мамырда Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде ауа температурасы күндіз 20-25°С-тан 25-30°С-қа дейін жоғарылайды деп күтілуде.