Биыл ШҚО өртке қарсы техникамен толық қамтамасыз етіледі
Биыл елдегі орман шаруашылықтарын техниамен қамтуға 60 млрд теңге бөлінген

Бұл туралы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Министр өңірдегі орман шаруашылықтары мен табиғат қорғау мекемелерінің басшыларымен кездесті. Жиын барысында министр биыл Шығыс Қазақстан облысы өртке қарсы техникаға қатысты сұраныс бойынша толық қамтамасыз етілетінін мәлімдеді.
Техниканы ұқыпты ұстап, күтіп баптаңыздар. Қазір орман шаруашылықтарына мемлекет бойынша техника жеткізіліп жатыр. Тек техника сатып алуға 60 миллиард теңге бөлінді. Бұдан бөлек, 28 миллиард ерте анықтау жүйесіне, 21 миллиард тәлімбақтарға жұмсалуда. Жалпы алғанда, 100 миллиард теңгеден астам қаржы бюджеттен тыс көздерден бағытталды. Сондықтан биыл барлық сұраныстар толық қанағаттандырылады. Сіздерден тек жедел қимылдау қажет, – деді ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев.
Ерлан Нұраәліұлы өрт қауіпсіздігі мәселесін қозғап, бұл бағытта жедел әрекет етудің маңыздылығын атап өтті.