Көшпелі концерт Өскеменнің әр ауданын аралап өтеді
Жеңістің 80 жылдығына арналған концерт Жаңа Ахмерден бастап ЖМК ауданына дейін жүріп өтеді

Фото:
instagram/akimatoskemen
Соғыс жылдарындағы әндер шырқалып, театрландырылған қойылым ұсынылады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Жеңістің 80 жылдығына орайластырылған "Көктем Жеңісі" көшпелі концерті мен көше мерекелері 3 мамыр күні сағат 10.00-де басталады. Әскери жылдар әндері шырқалып, музыкалық және театрландырылған қойылымдар қойылады.
Көшпелі концерт бағдарламасы:
- Сағат 09.00-де Жаңа Ахмер ауылындағы №27943 әскери бөлімінен шығып, Меновное ауылы мен Жібек жолын басып өтіп, Сәтпаев даңғылына келеді.
- Сағат 10.00-де Әлия Молдағұлова көшесінің соңғы аялдамасынан (№33, 26, 43А бағыттары) ары қарай Энтузиастов және І. Айтыков көшелері арқылы жалғасады.
- Сағат 10.40-та І. Айтықов ескерткішіне гүл шоқтарын қою. Ары қарай Самар тас жолы, Рейша, Қазыбек би, Есенберлин даңғылы, Өтепов, Сәтбаев даңғылы, Ертіс көпірінен Желтоқсан көшесіне, содан соң Новаторов пен Мыза көшелеріне бет алады
- Сағат 11.00-де Мыза көшесіндегі "Гостиный двор" алаңынан Ворошилов, Гоголь, ДКМ, Гагарин бульвары, Карбышев көшесіне
- Сағат 13.00 "Самал" саябағының тұрағынан (Дмитрий Карбышев көшесі) студқалашыққа, Астана даңғылы, Үлбі көпірі, С. Нұрмағамбетов көшесіне
- Сағат 14.00-де көшпелі концерт Арбатқа келеді