Ертең Өскеменде мерекелік футбол матчы өтеді
"Алтай Өскемен" мен "Ақтөбе" командалары кездеседі

Фото:
pexels
Өскеменнің командасы мен батыстың мықты командасы арасында тартысты ойын өтпек, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Ойын 1 мамыр күні сағат 14.00-де "Восток" стадионында ұйымдастырылады.
Өскемендіктерді мерекелік демалысты қызықты өткізуге әрі командаларға қолдау көрсетуге шақырады.
Көрермендер үшін түрлі сыйлықтар ойнатылады:
- Сергей Хижниченконың қолтаңбасы бар ойын жейдесі
- Маусымның кәсіби футбол добы
- Арнайы шарфтар мен қақпашы қолғаптары
- DoDo Pizza-дан пицца сыйлықтары
- Ayax спорттық дүкенінің сыйлық сертификаты