Өскемен
малооблачно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +7°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +23°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +10°
  • Шымкент
    +19°
$
443.37
+1.32
474.49
+0.35
¥
61.24
+0.17
4.83
+0.09
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Александр Селиванов
Ақпарат көзі:
Устинка

Трамптың РФ-мен байланысы туралы мақала жазған CNN-нің үш журналисті қызметінен кетті

CNN-нің үш штаттық қызметкері президент Дональд Трамп пен оның кеңесшісі Энтони Скарамуччидің байланысы туралы мақалаға байланысты шыққан шатақтан кейін жұмыстарынан кетті

CNN.com-да жарияланған деректер жойылғаннан кейін оған қатысы болған қызметкерлердің жұмыстан кетуі туралы арыз қабылданған, - дейді телеарна хабарламасында. Осыған дейін CNN АҚШ конгрессіндегі есімін атамаған ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, американдық сенаттың Трамп командасы мен Ресейдің тура инвестиция қорымен ықтималды байланысына қатысты тергеу жүргізіп жатқанын хабарлаған. Әңгіме бұл қордың жетекшісі Кирилл Дмитриев пен Скарамуччидің қаңтар айында «АҚШ президентінің иннаугурациясына төрт күн қалғанда болған» кездесуі жайында. Бұл кездесу Девоста өткен Бүкіл әлемдік экономикалық форумда орын алыпты-мыс. CNN электронды хатында Скарамуччи «Дмитриев мейманханаға амандасу үшін келді. Мен онымен сыпайы болдым. Басқа ештеңе жоқ» деп жазған. Сол сияқты, өткен жылдары да Девоста Дмитриевпен кездескен. Кейін CNN мақаланы жойып, оған баратын сілтемеде «Дерек CNN-нің редакциялық стандартына сай келмейд, оны алып тастады. Материалға апаратын сілтеме жұмыс істемейді. CNN мистер Скарамуччиден кешірім сұрайды» деген жазба пайда болды.
Следующая →