Өскемен
ясно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

Трамп Клинтоннан денсаулық жағдайы туралы мәліметтерді халыққа жария етуін талап етті

Бұл туралы ол өзінің Twitter парақшасында жариялады. Президенттікке үміткерлердің денсаулығы туралы тақырып, жаз мезгілінің басындағы сайлауда өзекті болған еді

Республикандықтардың атынан шыққан АҚШ президенттігіне үміткер Дональд Трамп өзінің сырқатнамасы туралы жариялайтынын айтып, өзінің Демократиялық партиядан шыққан қарсыласы Хилари Клинтонды дәл солай істеуге шақырды. – Екі үміткер – екі жүзді Хиллари және мен – медициналық жазбаларды жариялауымыз керек (денсаулық туралы), - деп Трамп Twitter-дегі микроболгындағы парақшасына жазыпты. – Мен мұны істеуші едім. Хиллари қалай қарар екен? – деп қостады миллиардер. 


Естеріңізге саламыз, президенттікке үміткерлердің денсаулығы туралы тақырып жаз мезгілінің басындағы сайлауда өзекті болған еді. Бірнеше күн бұрын миллиардер бұрынғы мемлекеттік хатшыны РФ тыйым салынған «Ислам мемлекеті» лаңкестік тобын «жоюға моральді және физикалық түрде әлсіз» етіп көрсеткен болатын. Бұдан соң, республикандықтардың баспасөз-хатшысы Кэтрин Пирсон Клинтонда дисфазиямен (сөйлеу қабілеті қабынған) деген болжам жасады. Клинтон штабы мұндай пікірді толықтай жоққа шығарды.

 Мұнымен қоса, жуықта АҚШ президенті Барак Обаманың саяси кеңесшісі болған Дэвид Плуфф АВС телеарнасынан Трампты клиникалық есалаң деп атады. Плуфф медициналық білімінің жоқтығын мойындады, бірақ миллиардерден нақты клиникалық белгілерді байқаған. «Қарапайым тілмен айтқанда, президентікке дауысқа салынған есалаңмен жұмыс істейміз. Айтқым келіп отырғаны, ол клиникалық атауға сай келеді», - дейді. 


Следующая →