Өскемен
пасмурно
+10°
  • Өскемен
    +10°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +25°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +7°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +18°
$
442.05
+0.61
474.14
+1.05
¥
61.07
+0.11
4.74
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

Каримовтың мұрагерінің болмауы Өзбекстандағы саяси жағдайды қиындатады - сарапшы

«Фергана.Ру» ақпараттық агенттігі деректемелеріне сүйенсек, 27 тамыз күні түнде И.Каримов инсульт алды деген ақпарат бар

Стационарлық емделуде жатқан Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың мұрагері жоқ, мемлекет басшысының денсаулық жағдайы ел үшін маңызды болғандай, Мәскеумен қарым қатынасына да ықпал етуі мүмкін, деп есептейді Таяу Шығысты және Орта Азияны зерттеу орталығының директоры Семен Багдасаров.

 – Жағдай өте мүшкіл. Каримов Өзбекстан билігінде кеңестер кезінен бері келеді, және бұл елде нақты тұлғаларға мұрагерлік ретінде сілтемелер де болған. Мұрагерлікке сілтеме алғандардың көбі саяси алаңнан бірден жоғалып отырды. Бәлкім, президентке жақын адамдардың барлығы өздерін мұрагер көретін болар. Анығында, қазір өзбекстанда таққа  күрес жүріп жатқаны. Бірақ, күш жағдайын есептеуге ешкімнің мұршасы жете қоймас, - дейді С. Багдасаров.

Президенттің емделіп жатқанын есепке алар болсақ, ең қауқарлы тұлға Өзбекстанның Ұлттық қауіпсіздік қызметінің басшысы Рустам Иноятов болып табылады, дейді сарапшы.

– Иноятов мырза, өз еркімен үміткер болады деп ойламаймын. Бірақ оның әрекеттерінен көп жағдайдың байланысты болуы мүмкін, - дейді агентпен сұхбаттасушы.

Сарапшының пікірінше, И.Кәрімовтың денсаулық жағдайы үлкен саяси маңызға ие, соның ішінде Ресей мен Өзбекстан арақатынасына да. – Кәрімов, өзінің қазақстандық әріптесі Назарбаев мырза сияқты, сыртқы саясатында американдық және қытайлық веторларға ие бола отырып, дәстүрлі түрде Мәскеумен арақатынасына маңызды қарайды, - дейді С. Багдасаров.

Сарапшының айтуынша, И.Кәрімовтың президенттік қызметін жалғастыра алмаған жағдайын елестетер болсақ, Өзбекстанның тұрақтылығы саяси және кландық бірлестіктердің, сонымен қатар оппозицияның келісімге келе алуына байланысты болмақ. – Егер олар бір келісімге келе алар болса, тұрақтылыққа үміт артуға болады. Керісінше болған жағдайда, тәжік-ауған шекарасындағы жағдайды ескерер болсақ, жағдай күрт қиындайды. Мұндай жағдайда Ферғана даласында да радикалды ұйымдардың қаптауын күтуге тура келеді. Олар қазір жоқ болса да, олардың әлі де бар екені көпшілікке аян, - дейді С. Багдасаров. Мұнымен қоса сарапшының есебінше, Өзбекстан президентінің денсаулығының төмендеуіне сыртқы ойыншылар көз қырын салуда, әсіресе Вашингтон мен Анкара. – Американдықтар мен түріктер зейінін күшейтіп отыр. Бірақ, олар Өзбекстанның саяси өміріне қатысы бар елдермен қызмет еткен, - дейді саясаткер. Өзбекстанның министрелер кабинеті жексенбі күні И. Каримовтың стационарлық емделуде жатқаны туралы хабарлама таратты. Өзбек билігі толыққанды медициналық тексеру мен кейінгі емделу нақты уақытты талап ететінін ескереді.

Следующая →