Өскемен
пасмурно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +14°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +22°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +16°
$
441.44
-1.91
473.09
-2.45
¥
60.96
-0.22
4.75
-0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстанда алаяқтық жасады деген күдікті Швециядан экстрадицияланды

Оған кәсіпкерді қорқытып, ақша бопсалады деген айып тағылған

Новости мира / Қазақстанда алаяқтық жасады деген күдікті Швециядан экстрадицияланды
Фото:
t.me/GenPr

Халықаралық іздеуде жүрген күдікті Швециядан табылған, деп хабарлайды Устинка LIVE ҚР Бас прокуратурасының ақпаратына сүйеніп.

2019 жылдың тамыз айында Алматыда өздерін Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріміз деп таныстырған бір топ адам кәсіпкер ісіне тексеру жүргізіп, қылмыстық жауаптылыққа тартамыз деген желеумен 30 мың АҚШ доллары көлеміндегі қаражатты жымқырмақ болған, - делінген ақпаратта.

Олардың әрекеттерінің жолын кесу кезінде біреуі қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып үлгерген, сондықтан оған халықаралық іздеу жарияланды.

Кейін Қазақстан тарапының өтініші бойынша оны Швеция Корольдігінің құқық қорғау органдары Стокгольм қаласында ұстады.

ҚР Бас прокуратурасы мен ІІМ Интерпол қызметкерлері, Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен күдікті Қазақстанға жеткізілді.

Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Жасаған қылмысы үшін оның мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін.

Следующая →