Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
Австралиялық студент оқытушысы мен курстастарын таяқпен ұрып тастады
Австралиялық Кенберре ұлттық университетінде өтіп жатқан лекция барысында студент бейсбол таяғымен оқытушыға шабуыл жасады
Жергілікті БАҚ өкілдері хабарлағандай, 18 жасар студент күтпеген жерден атып шығып лекторды таяқпен ұрған. Кейін ұстаздарына көмекке келген бірнеше студентті де сабап тастаған
Нәтижесінде курстас студенттер оның қолынан таяқты тартып алып, кампустың күзетшілері студентті ұстаған күйі полицияға тапсырған.
Барлығы төрт адам зардап шекті: үш әйел және ер адам. Олар ауруханаға жеткізілді.
Полиция студенттің не үшін шабуыл жасағанын анықтауда. Студент полицияға бұрын түспеген.