Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
LADA-21114 көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушы жарақат алды, оларды дәрігерлер тексеріп, үйлеріне қайтарды
12 тамыз күні сағат 23.00-де Күршім-Үлкен Нарын тас жолының 7/128 шақырымында жеңіл көлік жүргізушісі жылқыны қағып кеткен.
Жануар оқиға орнында өлді, көлік те майысып кеткен. Ал жүргізуші мен жолаушылар жарақат алды.
ШҚО ПД хабарлағандай, қараусыз жайылып жүрген жылқы иесі табылды. Ол 46 жастағы Күршім ауылының екен. Мал иесі ӘҚК 615-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапқа тартылды. 10 АЕК көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін.