Оқиғалар Оқиғалар Алексей Сафонов
Ақпарат көзі:
Устинка

Ақтоғай кен орнында ер адам қаза тапты

Қайғылы оқиға 7 тамыз күні сағат 22.00 шамасында кен орынының екінші байыту фабрикасының құрылыс алаңында орын алған

- Жетінші қыркүйек күні сағат 22.00 шамасында монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде мердігерлік ұйым - ICG компаниясының қызметкері биіктіктен құлады. Алған жарақаттардың салдарынан зардап шеккен азамат қайтыс болды, - деп мәлімдеді KAZ Minerals Тобы. 

Оқиға орнындағы жұмыстар тоқтатылды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда, қайғылы жағдайды тергеу үшін арнайы комиссия құрылды.

- KAZ Minerals Тобының басшылығы мен ұжымы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, қайғыларына ортақтасады, - деп марқұмның жақындарына қолдау білдірді компания басшылығы.

Следующая →