Қазақстандық әуе компаниясы «ТМД елдері арасындағы жылдам дамып келе жатқан авиакомпания» ретінде танылды
«Эйр Астана» бұл сыйлықты екі жыл қатарынан алып отыр. Санкт-Петербургте 25 қаңтар күні LED Together салтанатты шарасы өтіп, бұған әуе компания, туристік бизнес және мәдени сала өкілдері жиналды.
- Пулково әуежайына келген жолаушылардың саны былтырғыға қарағанда 36 мыңға өскен. Барлығы 1330 ұшып-қону операциясы жүзеге асқан. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 20 пайызға артық, - дейді «Эйр Астана» АҚ Ұжымдық коммуникация департаменті.
«Эйр Астана» Санкт-Петербургтегі әуежайға Алматы мен Астанадан жолаушыларды апарады. Ал әуе хабарламасы 2010 жылы ашылған. Санкт-Петербург тұрғындары Алматы қаласы арқылы Бангкок, Дели, Дубай, Душанбе, Бішкек, Гонконг, Сеул, Тегеран, Куала-Лумпур, Пекин, Үрімші қалаларына, ал Астана қаласы арқылы Бангкок, Дели, Бішкек, Сеул, Пекин, Ташкент, Үрімші қалаларына ұшады.